Ссылки доступа

Тәжік мигрантын өлтіргендер сотталды


Құқық қорғау органдарының бұрынғы үш қызметкері қызметтерін асыра пайдаланып, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, тәжік мигрантының өліміне әкелді деп айыпталып, үшеуі де жеті жарым жылға сотталған. Мемлекеттік айыптаушы оларға 9 жыл сұраған.

Марқұмның бауыры Илхом Алихонов үш полиция қызметкеріне шығарылған үкімнің жеңіл екенін айтады. "Ресейде өзге ондаған тәжіктерді өлтіріп, жауапкершіліктен құтылып кетіп жатқанда, біз РФ зорлық-зомбылықты алдын алу комитетінің көмегімен кінәлілерді сотқа дейін әкелдік. Оларға берілген үкім жеңіл болса да, олар қайта шағым беріп, жазаларын тағы да жеңілдетеді ме деген қауіп бар. Бірақ мен қолымнан келгенімді істедім", - дейді ол.

Ол "ендігі мақсатым материалдық өтемақы алуға қол жеткізіп, марқұмның жетім қалған төрт баласын аяқтан тұрғызу" дейді.

XS
SM
MD
LG