Ссылки доступа

"Ақтөбеден" кейін Қазақстанда "теракті жөнінде жалған қоңырау" көбейіп кеткен


11 маусымда сағат 14. 27-де "102" нөміріне ұялы телефоннан әйел адам Ақтөбе қаласы Қарғалы көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде әлдекімдер терактіге дайындалып жатыр деп хабарлаған.

Көрсетілген мекенжай бойынша, полиция арнайы қызмет пен шүғыл әрекет ету тобы жеткенше, ауданды қоршап, үйдің тұрғындарын шығарған. Шамамен 80 адам үйден көшірілген. Бірақ жарылғыш затқа ұқсайтын ешқандай күдікті зат табылмаған.

Полиция қоңырау шалған әйелдің жалған хабар бергенін айтып, оған алты жылға дейін түрме жазасы кесілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Дәл осындай оқиға Қарағанды қаласында да орын алған. Тергеу ісі бойынша, полицияға мектеп мұғалімі Юрий Пак қоңырау шалып, Қарағандыдағы сауда орталығының бірінде жарылғыш зат қойылған деген хабар берген. Бірақ мұғалім өзіне тағылған айыпты мойындамайды, ол сол күні смартфонын жұмыс бөлмесіне қалдырып кеткенін айтады.

Алайда тергеу ісі қоңырау шалған дауыс мұғалімнің дауысымен сәйкес келеді дейді. Бірақ сараптама нәтижелері сәйкестік таппаған.

XS
SM
MD
LG