Ссылки доступа

Қырғыз президентін сотқа берген құқық қорғаушылар жеңіліп қалды


Сот құқық қорғаушылар Азиза Абдирасулова мен Толекан Исмаилованың шағымын қанағаттандырмады. 16 маусымда өткен Бірінші май аудандық сотының отырысында президенттің өкілі құқық қорғаушылар мемлекет басшысының сөздерін дұрыс түсінбегенін айтқан.

Құқық қорғау орталығының төрайымы Азиза Абдирасулова президенттің 14 мамырдағы мәлімдемесінен кейін, өзіне қатысты кемсітушілік орын алғанын мәлімдеген. Мәселен, жақында такси жүргізушісі оны танып, көлігінен шығарып жіберген. 15 маусыда сот отырысы кезінде Толекан Исмаилованың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыруына тура келген. 16 маусымда ол дәрігерден ескерту алған.

Шағымданушылардың денсаулықтарын тексерген Білім және ғылым институтының тұлға және ментальды денсаулық бөлімінің басшысы психиатр Тынчтыкбек Асанов Азиза Абдирасулованың моральдық зардап шеккенін растаған. Бұл жағдайларға қарамастан, құқық қорғаушылардың шағымдары қанағаттандырылмады.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Азиза Абдирасулова мен Толекан Исмаилова мониторинг жүргізу үшін оппозициялық қозғалыстың отырысына қатысқан. 14 мамырда Ана күнінде ел президенті Алмазбек Атамбаев әйелдер қауымын құттықтай келе, құқық қорғаушыларды "шетелдік гранттарын адал атқарып жүргендер" деп атаған. Осыдан кейін екі құқық қорғаушы сотқа шағымданып, моральдық өтемақы ретінде президенттен әрқайсысы 10 миллион сом талап еткен. Президент аппараты әзірге сот шешіміне ресми түсініктеме бермеді.


XS
SM
MD
LG