Ссылки доступа

Таразда екі адам жараланған тұстан полиция қоршауы алынған


Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті баспасөз құралдарына хабарлауынша, полиция қызметкерлері жүргізген "Борышкер" жедел-алдын алу шарасы кезінде Тараздағы шағын аудандардың бірінде белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Соның салдарынан жараланған екі адамның бірі – учаскелік полиция қызметкері деп хабарланды.

Тараз қалалық 1-аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабековтің tengrinews.kz сайтына айтуынша, зардап шеккен екеудің біріне операция жасалған, қазір жан сақтау бөлімінде жатқан оның денсаулық жағдайы ауыр. Ал полиция қызметкері "әлі операция үстелінде хал үстінде жатыр" деген дәрігер.

Облыстық полиция басқармасы баспасөзге күдіктінің "бұған дейін қылмысқа қатысы болған адам ретінде есепте тұрғанын", бірақ оның "діни экстремистік іс-әрекетке қатысы жоғын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG