Ссылки доступа

Карелиядағы балалар өліміне қатысты бесінші күдікті ұсталды


Карелиядағы көлде қаза тапқан балалардың денесі тиелген ұшақ дүйсенбі күні Мәскеуге қонды. Бұл жөнінде Ресей ТЖҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдын Мәскеудің еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті қайтыс болған балалардың тізімін жариялаған. Онда 12-13 жастағы 14 баланың аты-жөні бар. Қаза тапқандардың оны Мәскеудің аз қамтылған отбасынан және жетімдер үйінен болған. 20 маусым Карелияда және Мәскеуде аза тұту күні деп жарияланды.

18 маусымда "Парк-Отель Сямозеро" балалар сауықтыру лагерінде 47 бала және төрт ересек адам екі қайықта көлдегі дауылға тап болған. Қайықтар аударылып кеткен. Қайғылы оқиға тек келесі күні құтқарылған қыздан ғана мәлім болған.

Ресейдің тергеу комитеті қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Айыпты деп табылғандар он жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Дүйсенбіге қараған түні балалардың өліміне қатысты бесінші күдікті ұсталды. Ол лагердің тәлімгері дейді тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин. Алдын төрт күдікті ұсталған. Олар балалармен бірге көлге шыққан "Парк-отель Сямозеро" фирмасының директоры, балалар демалысын ұйымдастырушы Елена Решетова, лагердің директор орынбасары Вадим Виноградов, инструкторлар Регина Иванова мен Людмила Васильева.

XS
SM
MD
LG