Ссылки доступа

Ходжентте түрмеден қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды


Тәжік билігі Ходжент қаласындағы нөмірі 3/3 қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі үш тұтқыннын қашуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу ісіне жақын дереккөз "түрмеден қашу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оны Соғди облысының прокуратурасы қолға алғанын хабарлайды.

Сотталғандар Рамзуллохон Додохонов, Хабибджон Юсуфов және Мирзозариф Каюмов 17 маусымға қараған түні 20.45 шамасында Ходженттегі нөмірі 3/3 түзеу мекемесінен қашу ұйымдастырған. Олар тәрбие бөлімінің бастығы Ёрмамад Алимамдовқа пышақ сұққан. Ол ауруханада жан тәсілім еткен.

Мирзозариф Каюмов қашып бара жатқан жерінен оққа ұшқан. Хабибджон Юсуфов жараланып, қолға түскен. Бірақ Рамзуллохон Додохонов алған жарақатына қарамастан, ізін жасырып үлгерген. Алайда ІІМ оның "залалсыздандырылғанын" хабарлады.

Қазір үш қашқынның ішінде жалғыз тірі қалған Хабибджон Юсуфов ауруханаға жатқызылған.

XS
SM
MD
LG