Ссылки доступа

"Талибан" командирінің бірі мерт болды


"Талибанның" беделді қолбасшыларының бірі Кори Әли Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы Дешті Арчи уезінде қайтыс болған. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Тараки елдімекеніндегі әуесоққыдан тағы да жеті қарулы тәліп қаза тапқан.

Ауғанстан билігі Кори Әли басшылық ететін топты Құндыз провинциясында теракті жасады деп айыптайды.

Мамыр айының соңында Ауғанстан полициясы мен қауіпсіздік күштерінің бірлескен операциясы барысында "Талибанның" өзге командирі Кори Меъроджиддин мерт болған. Меъроджиддин тобы ауған үкіметінің әскері жақындаған кезде, 299 метрлік туннель қазып қарсы соғысқан.

Соңғы айларда Құндыз провинциясында "Талибан" қозғалысына қарсы кең ауқымды операция жүріп жатыр. Сәуір айында қауіпсіздік күші Тәжікстанмен шекаралас Чахордара ауданын содырлардан тазартқанын мәлімдеген.

"Талибан" содырлары өткен жылдың күзінде Құндыз әкімшілігінің орталығын басып алған. Ауғанстан үкіметі мен АҚШ әскерінің күшімен Құндызды қайтарып алды. Бірақ тәліптер Тәжікстанмен шекаралас төрт ауданында әлі де көптеп шоғырланған.

XS
SM
MD
LG