Ссылки доступа

Қырғызстанда сайлаушыларды "сатып алғаны" үшін жаза күшейеді


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Туйгунаалы Абдраимовтың хабарлауынша, учаскелік сайлау комиссияларындағы заң бұзушылықтармен жұмыс істеп, ретке келтірген. "Енді сайлау учаскелерінен тыс заң бұзушылықтармен жұмыс істеуіміз керек. Қысқа дейін Жогорку Кенешке заң жобасын ұсынамыз. Ол қабылданған жағдайда сайлаушыларды сатып алған партияларды не кандидаттарды кампаниядан шығара аламыз. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша мұны істеу өте қиын", - дейді ол.

"Таза шайлоо" бірлестігінің басшысы Айнұр Усупбаеваның пікірінше, сайлауға қатысатын партиялар жеңіл жолды іздейді. Сол үшін таза сайлауға арналған бастамалар парламентте қолдау таппайды.

- Егер партиялар электоратпен тек сайлау кезінде ғана емес, үнемі жұмыс істесе, онда сайлаушылар ешқандай параға алданбай, өздері-ақ дауыс беруші еді. Бірақ бұл процесс өте көп уақытты алады, ауыр еңбек бірден нәтиже бермейді. Сол үшін де партиялар жеңіл жолды таңдайды. Бұл дұрыс емес. Бұлайша партиялар дамымайды, - дейді ол.

XS
SM
MD
LG