Ссылки доступа

Президенттер Таулы Қарабақ жанжалын реттеу жолдарын талқылады


Келіссөзге Ресей президенті Владимир Путин қатысты. Сәуір айында төрт күнге созылған қарулы жанжал екі елдің басшысының кездесіп, бітімге келуі арқылы тоқтаған болатын.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөздерінше, үш президент мәлімдемелерінде жанжал аймағын реттеуге келіскен әрі ЕҚЫҰ бақылаушыларының санын көбейтуге уағдаласқан. Мұның алдында Алиев пен Саргсян мамыр айында Венада кездескен.

Таулы Қарабақ сепаратистері Арменияның қолдауымен 1990 жылдардың басында Әзербайжаннан бөлініп, аймақтағы жанжал соғысқа ұласып, 30 мыңдай адам қайтыс болған. Кейін екі тарап бітімге келгеніне қарамастан, аймақтағы жанжал ушығып тұрды.

XS
SM
MD
LG