Ссылки доступа

Ресей Тәжікстанға "бүлікші генерал" тобының екі мүшесін экстрадициялады


Интерпол өткен аптада Қазан қаласында Абдухалим Назарзоданың (Ходжи Халим) жүргізушісі Мирзо Мукаммилов пен оның бауыры Каноат Мукаммиловты ұстаған. Ресей билігі оларды Тәжікстанға жөнелткен.

Мукаммилов отбасындағы бес ағайындының екеуі Тәжікстанның қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасарының тобында болған деп айыпталады. Екі ағайындыны Тәжікстанға экстрадициялағаннан кейін, артынша олардың қашуына көмектескен ондаған адамды ұстаған.

Өткен жылы қазан айында билік ағайынды Садриддин, Наджмиддин және Муборак Мукаммиловтарды тұтқындаған. Олардың қалған екі бауырлары – Мирзо мен Каноат іздеуде болған.

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұрын ұсталған үш ағайынды Қылмыстық кодекстің 195-бабы бойынша, "қаруды заңсыз" сақтаған деп айыпталып отыр. Олардың істері өткен жылы 4 қыркүйекте Абдухалим Назарзоданың тобына қатысы бар деп ұсталғандармен бірге қаралмақ.

XS
SM
MD
LG