Ссылки доступа

Қырғызстандық жер шарын айналып ұшуға дайындалып жатыр


Қырғыз ұшқышы Союзбек Салиев 50 күнде бірмоторлы ұшақпен жер шарын айналып ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Оның сөзінше, 10 шілдеде Литвадан келген әріптесі Йонас Жукнуспен бірге Токмак аэродромынан ұшпақшы. Ол жер шарын 50 күнде ұшып өтемін деп есептейді, 30 тамызда Бішкекке қонамыз дейді.

Союзбек "Көшпенді қырғыз" деп аталатын жобасын Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнапты. Жалпы көлемі 47,6 мың шақырым болатын әлемнің 26 елінің аумағы мен мұқиттарды әуе арқылы кесіп өтпекші.

Ұшаққа ол өзімен бірге Қырғызстанның туын алып кетемін деп отыр. Бүгінде шеберлер оған арнап арнайы ту жасап жатыр екен.

XS
SM
MD
LG