Ссылки доступа

Тәжікстанның экс-министрі 13 жылдан кейін түрмеден шықты


Салимовтың туыстары оның абақтыдан таңғы бесте шыққанын, өзін жақсы сезінетінін айтты.

Якуб Салимов 13 жыл бұрын Мәскеуде тұтқындалған. 2004 жылдың сәуір айында Тәжікстанның Жоғарғы соты "отанын сатты", "қаруды заңсыз сақтап, пайдаланды" және "қызметін асыра пайдаланды" деген айыптармен 15 жылға бас бостандығынан айырған. 2012 жылы елде рақымшылық жүргізілген кезде оның жазасын өтеу мерзімі екі жылға қысқарған.

Якуб Салимов Халықтың майданның беделді қолбасшысы болған. Эмомали Рахмон билікке келгеннен кейін, ол ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

Бұрынғы ішкі істер министрі 1997 жылдың сәуірінде президент Рахмонды Ходжент қаласында қастандық жасамақ болған кезде құтқарып қалған. Сол жылы ол елге төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып, кейін шетелге қашып кеткен. 2003 жылы тәжік билігінің сұрауымен Ресейде ұсталып, Тәжікстанға жөнелтілді. Душанбеде оны 15 жылға түрме жазасына кесті.

Сот үкімі бойынша ол барлық мемлекеттік марапаттар мен әскер атақтан айырылды.

XS
SM
MD
LG