Ссылки доступа

Қырғыз президенті ШЫҰ саммитіне қатысуға Тәшкентке баратын болды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Тәшкентке барады. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. Саммит 23-24 маусымда өтеді.

Шараға Ресей, Қытай, Қазақстан және Тәжікстан елдерінің басшылары қатысады.

Үстіміздегі жылы Өзбекстан Қырғызстанмен шекаралас Унгар-Тоо ауданына әскерін күшейтіп, әскери техника қойған. Осы үшін Қырғызстан президенті Тәшкентте өтетін саммитке бармауым мүмкін деп мәлімдеген.

Саммитте ұйымның аясы кеңейіп, Пәкістан мен Үндістан елдерінің де толық мүше болу мәселелері қарастырылады.


XS
SM
MD
LG