Ссылки доступа

ХОК ресейлік жеңіл атлеттерді Олимпиададан шеттетті


Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) ресейлік жеңіл атлеттерді Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатыстырмауын қолдады.

ХОК өзге спорт түрлерінің халықаралық ассоциациясы допинг тәртібін бұзды деп күдіктелінетін Ресей мен Кения спортшыларын Олимпиадаға жіберу, жібермеулері жөнінде өздері шешім қабылдау керек деп шешті. Спортшылардың тізімін қосымша допингтік тексеру жүргізгеннен кейін ұлттық федерация жариялайды.

18 маусымда ХОК орындау комитеті ресейлік жеңіл атлеттерді Олимпиада -2016 ойындарынан шеттетуді қолдаған.

17 маусымда Халықаралық жеңіл атлеттер федерациялары ассоциациясы (IAAF) допинг дауынан кейін Бүкілресейлік жеңіл атлеттер федерациясын дисквалификациялауды күшінде қалдырған.

Осының алдында Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) ресейлік жеңіл атлеттер мемлекеттік спорттық құрылымдардың қолдауымен допинг нормаларын бұзды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG