Ссылки доступа

ЕО елшілері Ресейге қатысты санкцияны ұзартты


Еуропалық Одақ елшілері Ресейге қатысты экономикалық санкцияны тағы да жарты жылға созу жөнінде келісті. Бұл жөнінде Reuters агенттігі Брюссельдегі дипломатиялық ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейге Украинадағы Қырым түбегін аннексиялағаны үшін және Мәскеудің Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетіп отырғаны үшін батыс елдері тарапынан экономикалық санкция салынған.

Брюссельде келесі аптада өтетін ЕО лидерлері саммитінде дипломаттар өздерінің шешімдерін мақұлдауды талап етеді.

Германия канцлері Ангела Меркель ЕО мүшелерінің Мәскеуге жақындауымыз керек деген үндеулеріне қарамастан, шілде айында аяқталатын санкцияны созу керек дейді. Словакия, Венгрия, Италия секілді елдер өздерінің осыған дейінгі пікірлерінен айнып, санкцияны келесі жылдың қаңтар айының соңына дейін сақтауға келісті.

Санкция Ресей экономикасының қаржы және энергетикалық секторына салынған. Бірінші рет 2014 жылдың маусым айында енгізілді. Содан бері әр алты ай сайын созылып келеді.

XS
SM
MD
LG