Ссылки доступа

Өзбекстанда "Ахмадбайға" қарсы 20 мың арыз жинаған


Өзбекстандық кәсіпкер Ахмад Турсунбаевтың клиенттерінің барлығын Чиназ және Янгиюл ауданының ішкі істер департаменіне шақырып, бизнесменге қарсы арыз жаздырып және елден кетпеу жөнінде қол қойдырып алып жатыр екен.

Озодликтің (Азаттық радиосының өзбек қызметі) Тәшкент облысындағы құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сәйкес, "Ахмадбай" клиенттерінен арыздың екі түрін жазуды талап етіп жатқан көрінеді.

– Бірінші арызда олар "Ахмадбайға" ақша беріп алданғандары жөнінде, екіншісі – кәсіпкерге қарсы қылмыстық істе куәгер ретінде қатысуға міндеттелінетіні жөнінде. "Ахмадбайдан" қарызға ақша алған адамдар қаржылық алаяқтық жүйеге қатысы бар есебінде сұралып жатыр. Тергеу ісіне Тәшкенттен және көрші ауданның тергеушілерін алдыртқан, - деп хабарлайды дереккөз.

16 маусымда Өзбекстан телеканалдары арқылы "Ахмадбайдың" үйіне, кеңсесіне қалай тінту жүргізілгені жөнінде, тексеру барысында 7,9 миллион АҚШ доллары және алтын заттардың тәркіленгені жөнінде бейнебаян көрсетілді.

Озодлик дереккөзінің айтуынша, құқық қорғау органдары бүгінгі күнге дейін 20 мың адамнан "Ахмадбайға" қарсы арыз жаздырып алған.

Еске сала кетейік, 15 маусыда қара маска киген адамдар 38 жастағы өзбек кәсіпкері Ахмад Турсунбаевтың кеңсесіне басып кірген. Ол халыққа "Ахмадбай" есімімен таныс. Ол сол күні ұсталған. Турсунбаевтың "Чиноз Авто Хамкор" фирмасы жыл сайын жүз пайыздық үстеме пайызбен қайтарамыз деп адамдардан ақша жинаған. Оған адамдарды қорқытып, алаяқтық жасады деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG