Ссылки доступа

БҰҰ: Сирия үкіметі азық-түлік жеткен жерлерді шабуылдап жатыр


Маусым айының басында АҚШ пен Франция Сирия үкіметін қоршаудағы Дарайа қаласындағы аш-жалаңаш қалған адамдарға азық-түлік жеткізілгеннен кейін, сол ауданға шабуыл жасады деп айыптаған. Гуманитарлық көлік Дарайаға бірнеше жылдан кейін бірінші рет 9 маусымда кешкісін жеткен. Сирия үкіметі 10 маусымда таңертең қаланы бомбалаған.

Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына Женевадан бейнебайланыс арқылы шыққан Де Мистура таяу арада Сирияға қатысты бітім қайта орнайды деп үміттенетінін жеткізді.

БҰҰ арнайы елшісінің сөзінше, Идлиб, Латакии және Алепподағы жағдай бітім шартына қауіп төндіріп отыр. Бірақ шабуылдар ақпан айына қарағанда төмендеді дейді.

XS
SM
MD
LG