Ссылки доступа

Пәкістанда сопылардың танымал әншісі қастандықтан қаза тапты


Сопылардың әнұранын орындайтын танымал әнші Амджад Сабри Карачи қаласы Лаекатабад ауданында көлігімен кетіп бара жатқан кезде мотоциклге мінген екі белгісіз адам мылтықпен атқан.

Пәкістан ақпарат құралдары полицияның жоғарғы лауазымды шенеунігі Mукаддас Хайдардың сөздеріне сілтеме жасап, "бұл арнайы тапсырыспен жасалған қылмыс және террористік акті" деп хабарлайды.

Әзірге бұл оқиғаны ешкім мойнына алмады.

Сабри Пәкістандағы "кавволи" стилінде орындайтын танымал әншілердің бірі. Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы кезінде ол күнде телевизиялық шоуларға қатысып жүрді.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф Сабридің өлімін айыптап, қылмыскерлерді жауапқа тартуды бұйырды.

XS
SM
MD
LG