Ссылки доступа

Тәшкентте ШЫҰ елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр


Өзбекстан астанасында басталған жиынға Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше алты елдің – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей мен Қытайдың өкілдері қатысып жатыр.

2001 жылы құрылған бұл ұйым осы елдердің тұрақтылығы пен қауіпсіздігін, экономикалық ынтымақтастығын, ғылыми және мәдени байланыстырын дамытуды мақсат етеді.

Саммит соңында ШЫҰ-ны 2020 жылға дейін дамыту стратегиясы жөнінде және басқа да құжаттарға қол қою қарастырылған. Саммит барысында Үндістан пен Пәкістанды ұйымға мүшелікке қабылдау жөнінде меморандумға қол қоюлары мүмкін.

Қазақстанның тұңғыш президенті жанындағы әлем экономикасы мен саясаты институтының эксперті Жұмабек Сарабеков саммитте қарастырылатын мәселе өте көп деп атап өтті.

"Ауғанстанда да жағдай тыныш емес. Ондағы оқиғалар аймақтағы террористік-экстремистік қауіп-қатердің көбеюіне әсер етеді. Осы тұрғыда мұны маңызды саммит деген дұрыс болар", -деді ол.

Тәшкентте қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген.

XS
SM
MD
LG