Ссылки доступа

Тәжікстанда шетелде бой тасалап жүргендерді сырттай соттайтын болады


Тәжікстанның Бас прокуроры Юсуф Рахмон 22 маусымда парламентте Қылмыстық- процессуалдық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын талқылау барысында бұрын-соңды елде сырттай соттау тәжірибесі болмағанын атап өтті.

"Өзге елдердің тәжірибесін зерттей келе, біз айыптаушы адамның қатысуынсыз сот отырысын өткізіп, сырттай үкім шығару жөнінде шешімге келдік", - деді ол.

Бас прокурордың сөзінше, егер айыпталушы Тәжікстанға оралатын болса, онда сот міндетті түрде оның қатысуымен істі қайта қарайтын болады.

XS
SM
MD
LG