Ссылки доступа

Ресей Ыстық көлде терең суға арналған торпедо сынап жатыр


Ресей Қырғызстандағы Ыстық көлде терең суға арналған жаңа "Футляр" торпедосын сынап жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Ресей армиясы торпедоны биылғы жылдың соңына дейін қару-жарақ сапына қосуды жоспарлап отыр.

Ресейлік ТАСС агенттігінің қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, "Футляр" таяуда қорғанысқа алынған өздігінен дәлденетін "Физик" торпедосының жаңартылған нұсқасы саналады.

Торпедолар Санкт-Петербургтегі теңіз техникасы ғылыми зерттеу институтында жасалған. ТАСС дереккөзінің мәліметінше, жаңа торпедоны сүңгуір қайық бортынан да басқаруға болады.

Ыстық көл жағалауындағы Қарақол қаласына жақын Ресейдің кемеге қарсы торпедоларды сынайтын базасы орналасқан.

XS
SM
MD
LG