Ссылки доступа

Оралда адам өліміне себепкер болған косметолог сотталды


Мәскеулік косметологты "Медициналық және фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысып, байқаусызда адам өліміне әкелді" деген баппен соттады. Сот ісі бойынша, үстіміздегі жылдың 28 наурызында Орал қаласының "Шығыс жұлдызы" сұлулық салонында косметолог клиентке синтетикалық жіппен бетін тегістеу үшін, процедура алдында лидокаин уколын салған. Осыдан кейін 39 жастағы Орал тұрғыны Айжан Жаканова бірден косметолог үстелінде көз жұмған. Марқұм Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Аманжол Жақановтың зайыбы болған. Отбасында кәмелетке толмаған үш бала қалды.

Эльвира Абдулаева сот барысында өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Қайтыс болғанның туыстарына материалдық және моральдық шығын өтегеннен кейін, жәбірленуші тарап ымыраласуға келісіп, оған қарсы талап қоймайтынын білдірген.

Сотталушы соңғы сөзінде марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, өзін кешіргені үшін алғысын жеткізген әрі балаларына кәмелет жасына толғанша материалдық тұрғыдан көмектесемін деп уәде берген.


XS
SM
MD
LG