Ссылки доступа

IAAF кейбір ресейлік жеңіл атлеттерге жарысқа қатысуға мүмкіндік жасады


Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының ассоциациясы (IAAF) 23 маусымда аталған мазмұндағы құжатты қабылдады. Бұл жағдайда спортшы ойындарға жеке өзінің қатысуына рұқсат алады. Бірақ Ресей туын көтеріп шыға алмайды.

17 маусымда халықаралық ассоциация Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) талаптарын үнемі бұзып келеді деп, Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясын дисквалификациялау жөнінде шешім шығарған.

21 маусымда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) де ресейлік жеңіл атлеттерді Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада-2016 ойындарына қатыстырмау жөнінде шешім қабылдады.

XS
SM
MD
LG