Күн тәртібіне сәйкес кездесу түстен кейін болу керек болған. Бірақ ШЫҰ отырысы алдында өткен. Кездесуде қырғыз-өзбек ынтымақтастығы мәселелері талқыланды деп хабарланады. Бірақ журналистерді кездесуге жібермеген.
Атамбаев сонымен бірге Қытай лидері Си Цзиньпинмен және Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездеседі.
Қазіргі уақытта Алмазбек Атамбаев ШЫҰ мемлекет басшыларының отырысына қатысуда. Ол кездесуде Қырғызстан үшін шекара мәселесін бейбіт жолмен шешу маңызды деген.