Мемлекеттік қызметкерлердің кірісі мен шығысы туралы жаппай салық декларациясын жария ету кезең-кезеңмен жүріп келді. Енді барлық Қазақстан азаматтары үшін кірістерін жария ету 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.
"Инфрақұрылым бәрі дайын. Декларацияның үлгісі қарапайым. Кірісі тым көп емес халықтың көпшілігі үшін декларация бір қағазбен ғана шектеледі. Мұндай жүйені енгізу елде салық салудың тазалығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейтеді", — дейді Бахыт Султанов.
Министрдің сөзінше, 2015 жылы бюджеттен жеті триллион теңгенің (2,9 миллиард доллар) 16 миллиард теңгесі ғана орындалмаған. Оның ішінде игерілмеген қаржы — 7,8 миллиард теңге. Бұл жақсы көрсеткіш деп атап өткен Бақыт Сұлтанов шығыстың рекордты түрде орындалуына қарамастан, қаржының тиімсіз пайдаланылып жатқан деректер әлі кездеседі дейді. Есеп комитетінің мәліметі бойынша, 459 миллиард теңге тиімсіз игерілген.