Ссылки доступа

Тәжікстан Ұлттық бірлік күнін атап өтіп жатыр


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Бадахшан облысына 4 күндік сапарын 25-маусымнан бастаған. Мемлекет басшысы Рушан, Шугнан және Ишкашим аудандарына да сапарламақ. Сонымен бірге Хорог қаласындағы мерекелік шараларға да қатысуы жоспарланған.

Ванжд ауданында жергілікті басшылармен, қала тұрғындарымен кездесу кезінде Тәжікстан президенті ата-аналарға балаларын дұрыс жолға тәрбиелеуге, жастарды террористік және экстремистік ұйымдардан аулақ болуға шақырған.

Сирияда, Иракта және Ауғанстандағы экстремистік қозғалыстардың қатарында тәжік азаматтарының көбеюі ресми Душанбенің басты проблемаларының бірі болып отыр. Тәжік билігінің ақпараты бойынша, мыңнан астам тәжік азаматы "Ислам мемлекеті" секілді террористік ұйымдардың қатарында соғысып жүр. Соңғы уақытта олардың 150-ге жуығы қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG