Ссылки доступа

Қырғыз өнімдері Ресей шекарасынан тексерусіз өтетін болады


Министрліктің Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық федералды қызметі мен Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгіннен кейін шешім қабылданған.

Еске сала кетейік, Қырғызстан 2015 жылдың тамыз айынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың толық мүшесі болды. Келісімге сәйкес, одақ елдердің арасында кедендік бақылау алынып тасталады. Мұнан бөлек, одаққа кіргеннен кейін Қырғызстан сүт және ет өнімдерін кедергісіз экспорттауға мүмкіндік алған.

Алайда Қазақстан мен Ресей фитосанитарлық құжаттардың жоқ екенін алға тартып, қырғыз ауыл шаруашылығы өнімдеріне шектеу қойып келген.

XS
SM
MD
LG