Ссылки доступа

Режеп Эрдоған Владимир Путиннен кешірім сұрады


Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрахим Калиннің мәлімдеуінше, Эрдоған ресей ұшқышының қаза тапқанына "қатты өкінетінін" білдіріп, марқұмның отбасына көңіл айтып, кешірім сұраған. Осылай деп түркиялық "Хюрриет" басылымы жазады.

Түркия президентінің дүйсенбі күні жариялаған ресми мәлімдемесінде Анкараның екіжақты қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндікке дайын екендігі айтылған.

2015 жылы қарашаның 24-і күні Түркия әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшағы "әуе кеңістігімізге кіріп кетті" деп, Ресейдің СУ-24 ұшағын атып құлатқан. Ұшақтың ішіндегі командир подполковник Олег Пешков қаза тапты. Екінші ұшқыш Константин Мурахтин жерге қонып, Сириядағы ресейлік әуе базасына жеткізілген.

Бұл оқиғадан кейін түрік президенті Режеп Тайып Ердоған "Ресей ұшағының Түркияның Сириямен шекарасын бұзып кіргенін, бірақ өз елінің ұшақ ату оқиғасына қатысы Ресеймен қарым-қатынасын ушықтырғысы келмейтінін айтқан. Ұшақтан парашютпен секіріп түскен ұшқыштардың бірін "Сириядағы көтерілісшілер атып өлтіргені" хабарланған. Ресей президенті Владимир Путин бұл оқиғаны "ту сыртымыздан берілген соққы" деп атап, Түркияға санкция жариялаған.

XS
SM
MD
LG