Ссылки доступа

Қырғызстанда астамшылдыққа салық енгізуді ұсынады


Заң жобасында жылжымайтын мүлікке, оның ауқымына байланысты салық енгізу ұсынылған. Көлемі 200 шаршы метрден асатын үйге, пәтерге бір салық, ал 300 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлікке үстеме салық салу қарастырылған.

Ал қымбат автокөліктерге оның қозғалтқыш көлеміне және шыққан жылына байланысты салық салыну көзделген.

Алдын ала мәлімет бойынша, егер заң жобасы қабылданса, Қырғызстан бюджетіне қосымша 515 миллион сом (жеті миллион АҚШ доллары шамасында) ақша түседі екен.

XS
SM
MD
LG