Ссылки доступа

Түркия ресейлік СУ-24 ұшағы үшін өтемақы төлеуге дайын


"Екі тарап та қарым-қатынастың қалпына келгенін қалайды. Іс оңала бастады деп ойлаймын", – деді түрік премьері. Ол сонымен бірге 29- немесе 30-шілдеде Түркия және Ресей президенттері екіжақты қарым-қатынасты реттеу үшін телефон арқылы сөйлесетінін атап өтті.

Осының алдында Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған Ресей президенті Владимир Путиннің атына кешірім хат жолдап, ресейлік ұшқыштың өліміне "қатты өкінетінін" білдірген.

Екі елдің қарым-қатынасы өткен жылы 24 қарашада түрік-сирия шекарасында түрік жойғыш күшінің ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін күрт нашарлады. Ресейлік ұшқыш, подполковник Олег Пешков парашютпен жерге қону сәтінде қаза тапты.

Анкара ұшақ Түркия шекарасын кесіп өтті деді. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, "ту сыртынан оқ атты" деп Түркияға экономикалық санкция енгізген.

XS
SM
MD
LG