Ссылки доступа

Тәшкентте қашқындағы олигархтың аквапаркі өртке оранды


Озодликтің (Азаттықтың өзбек қызметі) төтенше жағдайлар министрлігіндегі дереккөзіне сәйкес, "Фозилтепа" спорттық-сауықтыру орталығында өрт орын алған. Оны 2009 жылы қожайыны Дмитрий Лимнен тартып алып, мемлекеттің меншігіне өткізген.

– Кешен ғимаратының қысқы бассейн орналасқан 800 шаршы метрі толығымен жанып кетті. Алдын-ала болжам бойынша, өрт электр желісінде болған тұйықталудан орын алған. Сонымен бірге әдейі өрт қоюы мүмкін деген де екінші болжам бар. Өрттен ешкім зардап шекпеді, – дейді дереккөз.

Тәшкент тұрғынының айтуынша, аквапаркті Дмитрий Лим салған.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Лимді мемлекетке 600 миллиард сум зиян келтірді деп айыптаған. Ол шетелде қашып жүр.

XS
SM
MD
LG