Ссылки доступа

Тәжікстанда алтын өндірісінде екі адам опат болды


Шугнов елдімекенінің төрағасы Раджабали Мирзоев оқиға дүйсенбі күні кешкісін болғанын, тек келесі күні таңертең ғана қайтыс болған ағайынды Тохир және Дилшод Махмадовтардың денесін үйіндіден алып шығуға мүмкін болғанын айтады.

"Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің көмегімен қайтыс болғандардың денелерін алып шығып, туыстарына жіберген. Ағайынды екеу Шугнов кенішіне кешкі сағат жеті жарымдар шамасына түсіп, алтын іздей бастаған",- дейді Раджабали Мирзоев.

​Ховалинг ауданындағы Шугнов жамағатында ең ірі алтын кеніштерінің бірі орналасқан. Қазіргі уақытта мұнда бес компания алтын өндіріп жатыр. Ховалинг ауданының мыңға жуық тұрғыны осы кеніште жұмыс істейді. Олар алтынды қолдарымен іздейді, аз ғана нәпақа алып, отбасыларын асырайды.

Шугнов кенішінде алтын өндіру 19 ғасырдың соңында Ресей патшалығы кезінде басталған. Бұл кеніштің алтындары Тәжікстан бойынша ең сапалы болып саналады.

XS
SM
MD
LG