Ссылки доступа

Меркель: Еуроодақтың Ұлыбританияның құрамнан шығуын көтеруге күші жетеді


Ол Еуропалық одақ әлемдегі ең ірі экономикалық аймақ болып саналатынын айтып, ЕО әлемге байлық пен тұрақтылыққа кепіл болатын тілектестік пен құндылық қауымдастығы деп мәлімдеді.

Меркельдің айтуынша, Британия Еуропалық одақтан шығу жөніндегі келіссөздерде ЕО алдындағы барлық міндеттемелерден құтылып, басымдылықты сақтап, "торттың тек шиесін жинап аламыз" деп есептей алмайды.

Меркель сонымен бірге Ұлыбритания Лиссабон келісімінің 50-бабына сәйкес, ЕО-дан шығу жөнінде ресми ескерту жібермейінше, ешқандай да ресми не биресми келіссөздер болмайтынын ескертті.

XS
SM
MD
LG