Ссылки доступа

Ресейде "шетел агенті" заңы бойынша бірінші қылмыстық іс қозғалды


"Женщины Дона" одағы 2014 жылы үкіметтік емес ұйымдар тізіміне енгізілген. Бірақ Череватенко дәл осы аттас қорды 2015 жылдан бері басқарып келеді. Тергеу ісі "Женщины Дона" қоры 2013 жылы құрылып, әрекетінде о бастан "қылмыстық пиғыл" болған дейді. Қылмыстық іс қозғау жөніндегі қарарда қор шетелден қаржы алып, "саяси іспен шұғылданған", бірақ Череватенко әдейі ұйымды "шетел агентінің" тізіміне енгізбеген делінген.

Череватенконың өзі "Ведомости" газетіне берген түсініктемесінде бұл айыптауларды жоққа шығарады. Оның сөзінше, "Женщины Дона" ұйымына қысым "Гражданский Минск" жобасы іске қосылғаннан кейін басталған. Бұл жоба Украина шығысындағы Минск келісімінің орындалуына бақылау жүргізу болатын дейді ол.

Мұның алдында Валентина Череватенконы қолдап бірнеше елдің құқық қорғаушылары қол қойып, үндеу жариялаған. Онда олар Ресей тергеу комитеті азаматтық ұйымдардың жұмыстарына кедергі келтіріп, Ресейдің құқық қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін бұзып отыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG