Ссылки доступа

Өзбекстанның аудан әкімі адамдарды ұруды әдетке айналдырған


Бұл оқиға жайында Озодликқа (Азаттықтың өзбек қызметі) хабарласқан куәгер әкімнің дәрігерді жұдырығымен екі рет ұрып, жерге құлатқанын айтқан. "Президент Каршиға келеді деп, аурухана алдындағы ескі ғимаратты көшенің сәнін бұзады деп бұздыруға тапсырма берген. Алайда бұзылған ғимарат астында екі адам қалып қойған. Бірақ олар қатты жарақат алмаған. Мұны естіген аудан әкімі ауруханаға келіп, дәрігердің бетіне жұдырығымен ұрды. Дәрігер жерге құлап, есінен танып қалды", – дейді куәгер.

Екінші дереккөз де бұл оқиғаны растайды. "Әкім шын мәнінде көп адамдарға күш көрсетті. Ол көпшіліктің көзінше аурухананың бас дәрігері Сардор Эркаевты соққыға жықты. Жақында әкім милиция бастығы мен прокурордың көзінше атақты фермер Ахрор аканы да ұрды. Нәтижесінде ол дене жарақатын алды", – дейді дереккөз.

Жергілікті мұғалімнің бірі әкім Асрор Бойкароев жаңа қызметін адамдарды ұрумен бастады деп өкініш білдіреді.

– Мен бұрын-соңды мұндай шенеунік-қаныпезер адамды көрген емеспін, жаман сөздер айтады, жұдырықпен ұрғанды жақсы көреді. Ол адамдарға өзінің ойына келгенін жасатады. Мысалы, қазір Бешкентте бірде-бір қызыл түсті орын қалмады. Ол барлық жерлерді ақ пен сарыға боятып тастады. Оның ойынша, қызыл түс империяның түсі екен. Бірақ біздің туымызда қызыл түс бар ғой. Біздің президент қаныпезер-әкімдердің әрекетін үнемі сынап келеді емес пе?!, – дейді мұғалім.

XS
SM
MD
LG