Ссылки доступа

Ресейде орман өртеніп жатыр


Өртті сөндіруге мыңдаған адам жұмылдырылған. Билік пен құтқарушылар өртті сөндіру құралдары жеткілікті дейді.

Иркутск облысының орманында төтенше жағдай орнаған. Орманда қауіпсіздік талаптарын орындамаған мекемелерге полиция үлкен көлемде айыппұл салып жатыр.

– Айыппұл төтенше жағдайды алдын алмаған мекемелерге, кәсіпорындарға және лауазымды тұлғаларға салынады. Усть-Кутск ауданында орманды жалға алушыларға әкімшілік хаттама толтырылды. Олар өздерінің әрекетсіздігімен орман өртіне себепші болып отыр. Жұмыс әлі жалғасып жатыр. Мұндай қатаң шаралар жалға алушылар мен меншік иелеріне өртті сөндіру жөніндегі міндеттерін орындауға мүмкіндік береді, – дейді Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Иркутск облысы бас басқармасының басшысы Валентин Нелюбов.

XS
SM
MD
LG