Ссылки доступа

Ресейде қашып жүрген өзбек "криминалды авторитетін" қудалауды тоқтатқан


Кейбір мәліметтерге қарағанда, Өзбекстанда кәсіпкер Хусан Зиямухаммедовке қатысты қылмыстық іс өткен жылдың сәуір айында қозғалған. Оған мемлекеттің рұқсатынсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін Ресейге экспорттады және шетел валютасын заңсыз айналымға шығарды деген айыптар тағылған. Озодлик дереккөзіне сәйкес, 60 жастағы Зиямухаммедовке қарсы қылмыстық іс үстіміздегі жылдың сәуір айында президент Ислам Каримовтың Мәскеуге сапарынан кейін тоқтатылған.

Дереккөзің мәліметінше, Хусан Зиямухаммедовке жеміс пен көкөністі Ресейге экспорттауға рұқсат берген.

– Бұрын Хусан Зиямухаммедовке тиесілі бизнес жеміс мен көкөністі Ресейге жеткізумен айналысқан. Бұл қызметтің қазіргі күні де тиімділігін алға тартып, оған Өзбекстан ауыл шаруашылығы өнімдерін Ресейге экспорттауға ресми рұқсат берді. Шешім тендерлік байқаусыз өткен. Мамыр айынан бастап Хусан Зиямухаммедов бұл саланы түгелімен бақылауға алды. Қазір ол Мәскеуде тұрады. Оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ Хусан жеке басының қауіпсіздігін ойлап, Тәшкентке бармайды, – дейді дереккөз.

"Хусан Мәскеулікке" қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына "құдыретті құдасы", қылмыс әлемінің беделдісі Салим Абдувалиев себепші болған дейді.

XS
SM
MD
LG