Ссылки доступа

Еуроодақтың 27 мемлекеті реформа жоспарын жасауға кірісті


Еуропалық кеңестің басшысы Дональд Туск ЕО-ға сенім, еуроскептицизм және ұлтшылдықтың өсуі салдарынан босқындардың Еуропаға жаппай ағылуы дағдарыстың туындауына себеп болды деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге Еуроодақтың болашағы жөнінде Лондонмен алдын ала келіссөз жүргізудің мүмкін емес екенін тағы да атап өтті.

Германия канцлері Ангела Меркель болса қазір Еуроодақтың не саяси, не салық интеграциясы саласында радикалды реформа жөнінде сөз айтатын уақыт емес екенін мәлімдеді. Меркельдің пікірінше, бұл үшін Лиссабон келісіміне өзгерістер енгізіп, жаңа референдум өткізуге тура келеді.

Мұның алдында Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер жазбаша түрде одақ мүшелеріне Ұлыбритания ресми түрде ЕО-дан шығу жөнінде өтініш бергенге дейін, ресми Лондонмен келіссөз жүргізуге талпынбауын ескерткен.

XS
SM
MD
LG