Ссылки доступа

Бішкек Стамбулдегі теракті құрбандарын аза тұтты


Стамбулдегі терактіні айыптаған қатысушылар терроризм ғаламдық масштабта қатер төніп тұр деді. Елшілік өкілдері қиын кезде қолдау көрсеткендері үшін қатысушыларға алғыс білдірді.

Соңғы мәлімет бойынша, Стамбул әуежайындағы теракті құрбандарының саны 42 адамға жеткен. 239 адам зардап шеккен. 128-і ауруханада жатыр, 40 адам жансақтау бөлімінде.

Түркияның ресми өкілдерінің хабарлауынша, 28 маусымда кешкісін үш содыр әуежай терминалына кіреберісіндегі бақылау бекетінде оқ атқан. Бұл уақытта екі "жиһадшы" ғимаратқа жүгіріп кіріп, өздерін жарып жіберген. Тағы бір "жиһадшы" көшедегі тұрақта өзін жарып жіберген.

XS
SM
MD
LG