Ссылки доступа

ҰҚК төрағасы: Қарағанды облысында теракт жасамақ болған 6 адам ұсталды


Кеше ҰҚК 26 маусымда күдікті топты ұстау кезінде олардың бірі өзін-өзі жарып жібергенін, қалғандары ұсталғанын хабарлаған. Басқа құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ресми мәлімет бойынша, бұл топ Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында және Гүлшат елді мекенінде қолға түскен. Гүлшаттағы "радикалды топты" ұстау барысында олардың бірі өзін-өзі жарып, жарақаты салдарынан өлген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов теракті жасамақ болған алты адам ұсталғанын, бұл оқиғаның Ақтөбеде болған оқиғалармен байланысы жоқ екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG