Ссылки доступа

АҚШ Ресейге Сирия мәселесін бірлесіп шешудің жаңа жоспарын ұсынды


АҚШ Ресейге Сириядағы кикілжіңді бірлесіп шешудің жаңа жоспарын ұсынған. Онда АҚШ Ресеймен ынтымақтастықты күшейту қарастырылған.

Washington Post газетінің жазуынша, ұсыныс Мәскеуге осы аптада жіберілген. Онда "Әл-Қаида" мен "Жабхат әл-Нусра" экстремистік тобымен күресу операциясына қатысты ақпарат алмасуға бағытталған. Кремль Ақ үйдің бұл ұсынысын қабылдады ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Ресей және америкалық әскер Сирияда қатар операция жүргізіп келеді. Вашингтон Мәскеуді Сирия президенті Башар Асадқа көмектесіп, оппозиция мүшелеріне қарсы шабуыл жасап жатыр деп айыптап келеді. Бірнеше апта бұрын ресейлік жойғыш күштер Вашингтонның ескертуіне қарамастан, АҚШ қолдау білдіретін сириялық оппозиция бақылайтын аймақты екі рет шабуылдаған.

XS
SM
MD
LG