Ссылки доступа

Душанбе Бішкекпен "жеңілдетілген азаматтық" келісімінің күшін жойды


Төменгі палатаның спикері Шукурджон Зухуров келісім даудың тууына себепкер болып және шекараны демаркациялау процесінде келіспеушілікке әкелгенін айтып, үкімет сол себептен келісім күшін біржақты тәртіппен жоюды ұсынды дейді.

Депутаттар болса, келісімнің күшін жоюды дауысқа салған кезде, этникалық қырғыздар армияға барудан қашып және жергілікті тұрғындардың көбі Ресей азаматтығын жеңілдікпен алу үшін Қырғызстан азаматтығын алып жатқандығын ескердік дейді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу жөніндегі келісім 2004 жылдың мамыр айында Душанбеде қабылданған. Құжатқа сәйкес, әр тарап өзге елдің азаматтарының сұрауы бойынша, азаматтық беруге міндетті.

XS
SM
MD
LG