Ссылки доступа

Беларусь валютасын деноминациялады


Беларусь 1 шілдеде ұлттық валютасын 10 мың есеге деноминациялады. Осылайша қазіргі кездегі ең төменгі банкнот номиналы – 100 белорусь рублі – бір копейкаға тең болады.

Ескі банкноттар 2016 жылдың соңына дейін айналымда болады. Осыдан кейін екі жыл бойында кез-келген банк бөлімшелерінен жаңа банкнотқа айырбастауға рұқсат беріледі.

Қызмет көрсету бағалары, еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы және банк есепшотындағы ақша қайтадан есептелінетін болады. Беларусь билігі 1 шілдеден бастап, барлық тауарларға екітүрлі баға (ескі және жаңа рубль бойынша) көрсетулерін тапсырған.

Әрбір жаңа банкноттар Белоруссияның әр облысына арнаған. Елдің астанасы ең үлкен банкнот номиналы – 500 рубльде көрcетілген. Бұл - Беларуссияда 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан бергі үшінші рет өткізіліп отырған ұлттық валюта өлшемін ірілендіру.

XS
SM
MD
LG