Ссылки доступа

Жалған терроризммен айыпталған мұғалімге экспертиза тағайындалды


Судья Алия Жошеваның сөзінше, экспертиза істі жан-жақты, шынайы қарап, дұрыс шешім шығару үшін тағайындалған. Бұл — мұғалім мен оның адвокаты талап еткен қосымша комиссиялық сот фонографикалық және сот компьютерлі-технологиялық экспертиза.

Жалған терроризммен айыпталып отырған физика пәні мұғалімінің ісі қоғамда үлкен резонанс туғызды. Юрий Пак бір жыл бойында полицияға қоңырау шалмағанын дәлелдеуге тырысып келеді. Тергеу ісі бойынша, 2015 жылы Юрий Пак полицияға қоңырау шалып, ЦУМ сауда орталығына бомба қойылған деп хабарлаған. Сол күні сауда орталығынан үш мың адамды шығарған. Юрий Пак өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Ол сол күні телефонын жұмысына тастап кеткенін айтады.

Жәбірленуші тарап – Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті және ішкі істер басқармасы, жедел жәрдем станциясы. Сауда орталығының әкімшілігі шағым бермеген.

XS
SM
MD
LG