Ссылки доступа

Кельндегі гей-парадқа миллионға жуық адам қатысқан


Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Нильс Шмидт 12 маусымда Орландодағы (АҚШ) Pulse гей-клубында орын алған шабуылдан кейін, Кёльн маршына қатысушылар аз болады деп болжанғанын айтады.

Гей-парадқа қатысушылар Орландодағы терактіде қаза тапқан 49 адамды еске алып, түрлі-түсті жалауларын түсіріп, бір минөт үнсіздік жариялап, қоғамды сексуалдық азшылық өкілдерін мойындауға шақырды.

Шеруге қатысушылар кейбір елдерде құқықтары бұзылатын ЛГБТ өкілдеріне қолдау көрсетті.

Кельн гей-парады осымен 25-рет өтіп отыр. Бірінші рет 1991 жылы ұйымдастырылған.

XS
SM
MD
LG