Ссылки доступа

Стамбулда қырғыз төлқұжатымен екі ер адам ұсталды


Газеттің жазуынша, ер адамдар Украинадан ұшып келген бойда ұсталған. Біреуінде Қырғызстан және Ресей төлқұжаты болған, екіншісінде — қырғыз паспорты.

Ұсталғандарды тінту кезінде төрт дүрбі, үш комплекті әскери киім, екі бөтен адамның төлқұжаты, үш қырғызстандық ID-карточкасы, бес туу туралы куәлік табылған.

Түрік полициясы ұсталғандарды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына қатысы бар деп күдіктеніп, қамауға алған.

XS
SM
MD
LG