Ссылки доступа

Ресейден Тәжікстанға 830 мың тонна мұнай өнімдері баж салығынсыз жеткізіледі


Келісім Тәжікстанның ішкі сұранысына сай көлемде Ресейден тасымалданатын мұнай өнімдерін баж салығынан босатады. Тасымалданатын мұнай өнімдерінің көлемі – шамамен 1 миллион тонна. Ол: автокөлік бензині, дизель отыны, реактивті двигатель майы, жағылатын мазут, битум және битум қоспалары, сұйылтылған көмірсутек газдары, мұнай коксы.

Құжатта Ресейден Тәжікстанға салықсыз тасылған мұнай өнімдерін реэкспорттауға тыйым салынған. Кеден одағына мүше басқа да елдерден жеткізілген жанармайды қайта экспорттауға болмайды. Заң бұзылған жағдайда, Ресей баж салығынсыз мұнай өнімдерін республикаға тасымалдауды тоқтата алады. Келісім екі елдің шаруашылық субъектілерінің жеке мүліктерінің дербес құқықтығына кепілдік береді.

РФ СІМ-нің ақпараты бойынша, келесім 2013 жылдың қарашасынан бастап уақытша қолданылып келді. Ресей федералдық кеден қызметінің мәліметіне сәйкес, келісім уақытша қолданылған мерзімде тасымалданған мұнай өнімдері көлемі 200 мыңнан бастап 600 мың тонна дейін жеткен.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, мұнай өнімдері тасымалының тиімді шарттарын Мәскеу өзінің әскери базасын Тәжікстан аумағында 2042 жылға дейін тегін орналастыру үшін ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG