Ссылки доступа

Тәжікстанда садақаны молдалар мен ауқаттыларға үлестіруге тыйым салынды


Президент халықты пітір-садақасын, шариғатқа сәйкес, жетім-жесірлерге, мүгедектерге, жағдайы жоқ отбасыларға, қараусыз қалған жандарға үлестіруге шақырды, бұған қоса осы санаттағы адамдардың садақа беруден босатылатынын баса айтты.

Мемлекет басшысы осы қаулысы арқылы жергілікті атқарушы органдар мен діни бірлестіктерге Рамазан мерекесі қарсаңында қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Дін істері жөніндегі комитетке, Үлемдер кеңесіне, Исламтану орталығына, Телевидение және радиотаратылым жөніндегі комитетке және БАҚ-қа халық арасында пітір-садақа үлестірудің түпкі мақсатын түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

Бұған дейін тәжік шенеуніктері Рамазан айында зекетті жағдайы жоқ отбасыларға, жетімдерге, қараусыз қалған жандарға беруі міндет деп шешілген еді. Есепті олар Тәжікстан президенті әкімшілігіне тапсырулары қажет. Бұған қоса, шенеуніктер, имам-хатибтер және кәсіпкерлер отбасы мүшелерінің тізімі мен берген зекетінің есебін әкімшілікке жолдайды.

XS
SM
MD
LG