Ссылки доступа

Өзбекстанда қылмыскерлердің ұлттық базасы құрылды


Оның айтуынша, бұған дейін Өзбекстанда қылмыстардың объективті есебінің бірыңғай жүйесі жоқ болды, өйткені барлық мәлімет жекелеген құқыққорғау органдарында сақталып келді. Соның салдарынан мекемелер ақпараттарды талдау және іздестіру жұмыстарын автоматтандыра алмады. Ұлттық база басқа да елдердің және халықаралық ұйымдардың дәл осындай базаларымен байланыстыра алады.

Жаңа жүйенің енгізілуі барлық министрліктер мен мекемелердің қылмыспен күрес жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді, тез әрі дұрыс шешім қабылдауға жағдай жасайды, құқықорғау органдарының жұмысының сапасы мен тазалығын арттырады.

XS
SM
MD
LG