Ссылки доступа

Қырғызстан құқық қорғау органдарын реформалайды


Кеңес хатшысы Темир Жумакадыров қабылданған шаралар комплексі бірқатар құқық қорғау органдарының құрылымдарына өзгерістер енгізуді көздейтінін айтады. Мысалы, Баспрокуратура тергеу функциясынан айырылады, оны Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне (ҰҚМК) және Экономикалық қылмысқа қарсы күрес мемлекеттік қызметіне (ЭҚҚК) береді.

Реформаға сәйкес, Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметі таратылып, оның қызметтері Ішкі істер министрлігіне және Денсаулық сақтау министрлігіне бөлініп беріледі.

ІІМ құрылымында бірнеше жаңа қызметтер қосылып, кең көлемді өзгерістер орын алады. "Министрлік жалпы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейтетін болады. ІІМ негізінде криминалды милиция, қоғамдық қауіпсіздік қызметі, миграция және экстремизм, есірткіге қарсы күрес және тергеу қызметтері құрылады", - дейді Жумакадыров.

Бұл өзгерістерден бөлек ІІМ коррупциялық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес функциясынан айырылады. Осындай қысқартулар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде де жүреді. Темир Жумакадыров бұл өзгерістердің бәрі органдардағы коррупцияны төмендетуге, беделін көтеруге және халықтың сенімін нығайтуға арналған дейді. Негізгі реформалар 2016 жылдың соңына қарай жүзеге аспақ.

XS
SM
MD
LG